Кудьярова Шолпан Таубаевна 1972 жылы Өзбекстан Республикасы, Қарақалпақстанның Тақтакөпір ауданында дүниеге келген. 1989-1994 жылдары Нөкіс Мемлекеттік Педагогикалық Институтының филология факультетін қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын осы институтта оқытушы болып жұмыс істеуден бастаған. 1998-2001 жылдары Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы,Тіл және әдебиет институтының күндізгі аспирантурасында оқыған. 2006 жылы академик Х.Хамидовтың басшылығында 10.02.06 – Түркі тілдері мамандығы бойынша «Қарақалпақ және қазақ тілдеріндегі сөздердің лексика-семантикалық өзгешеліктері (айырым сөздер және фразалар мысалында)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми қызығушылығы: лексикология, тіл білімінің мәселелері, лексикография, фразеология, түркі тілдерінің зерттелуі мәселелері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 2019 жылдан бастап 6Д021200-Түркітану мамандығы бойынша PhD доктор. Ш.Т.Кудьярованың қазақ және қарақалпақ, өзбек тілдерінің лексикологиясы мен фразеологиясы, қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты 70-тен аса ғылыми мақалалары мен конференция материалдары, 2 монография, 4 оқу-әдістемелік құралдың авторы.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
25.11.2019
Қызығушылығы
Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0